"Қайраттың" UEFA Чемпиондар лигасында қанша пайда тапқаны белгілі болды
2025/2026 жылғы маусымда UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде алғаш рет өнер көрсеткен қазақстандық "Қайрат" футбол клубының қаржылық табысы белгілі болды.
Алматылық команда негізгі кезеңде сегіз матч өткізіп, бір ұпай жинады. "Қайрат" Португалияның "Спортингіне" (1:4), Испанияның "Реал Мадридіне" (0:5), Италияның "Интеріне" (1:2), Грекияның "Олимпиакосына" (0:1), Данияның "Копенгагеніне" (2:3), Бельгияның "Брюггесіне" (1:4) және Англияның "Арсеналына" (2:3) жол беріп, Кипрдің "Пафосымен" (0:0) тең түсті.
Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққаны үшін "Қайрат" 18,62 миллион еуро (шамамен 11,23 миллиард теңге) көлемінде сыйақы алды. Сонымен қатар бір тең ойын үшін клуб қазынасына тағы 19,32 миллион еуро (шамамен 11,65 миллиард теңге) түсті.
Айта кетейік, Еурокубок маусымы толық аяқталғаннан кейін бұл сомаға телетрансляция және маркетингтік құқықтарды сатудан түскен қосымша төлемдер қосылады.