Қазір қорғаныс құралдарына рұқсат беру керек. Бірақ оны арнайы рұқсатпен алған азаматтың ешқандай ауруы болмауы тиіс және ол құралдың дұрыс мақсатта ғана пайдаланылуына жауапкершілік алуы тиіс, деп мәлімдеді парламент мәжілісінің депутаты Берік Бекжанов. Бұл туралы ол 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасында айтты. 

"Шын мәнінде кейбір азамат өзінің құқығы мен жауапкершілігін толық дәрежеде түсінбейді. Егер әр азамат өз құқығы мен міндетін білсе, бұл талай қылмысқа тоқтау болатын еді. Жасап жатқаны қылмыс екенін білсе, азамат ондайға бармайды. Кей азамат "болып кетер, өтіп кетер" деген оймен керағар заңсыз әрекеттерге барады", – деді Берік Бекжанов.

Депутат қорғану құралдарын пайдалану мәселесіне де тоқталды. Айтуынша, оларды қолдануға арнайы рұқсат керек. Бірақ, міндетті түрде оны заңсыз пайдаланғандар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі керек.


Оқи отырыңыз: Мүгедектігі бар азаматтарға нотариустер тегін қызмет көрсетеді


"Тарихқа үңілетін болсақ, қорғаныс құралдарын пайдалануға рұқсат бер3kген. Өкінішке орай, кейбір азаматтарымыз осы қорғану құралдарын өз мақсатында пайдаланбай, керісінше қылмыстық әрекетін жүзеге асыру үшін қолданады. Кейін осы себепке байланысты оларды пайдалануға тыйым салынды. Ендігі жерде оларға рұқсат беру қажет шығар", – деді депутат.

Берік Бекжановтың айтуынша, қорғаныс құралдарына рұқсат алудың жүйелі жолын қарастыру қажет. Яғни, оны қолданатын азамат ешқандай сырқатпен ауырмауы тиіс.

"Екіншіден, құралды алған азамат оның дұрыс мақсатта ғана пайдаланылуына жауапты болуы тиіс. Керек десеңіз қылмыстық жауапкершілік енгізуіміз керек", – деді депутат.