Прокурорлар Павлодар облысындағы ірі энергетикалық компанияны тексеріп, оның салықты аз төлегенін анықтады. Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы хабарлады.

Павлодар облысының прокуратурасы жүргізген тексеріспен Екібастұз 2-МАЭС бюджетке 640 млн теңгеден астам салықты төлеу жөніндегі міндеттерін орындамау фактісі анықталды.

Қадағалау актісі бойынша салық төлеушіге қатысты тиісті өндіру шаралары қабылданып, нәтижесінде 2-МАЭС-пен жоғарыда көрсетілген КТС сомасы бюджетке төленді.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда көлік салығы 7% өсті


Қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.