Абай облысындағы өрттен кейін төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Көлдіков отставкаға кетуге өтініш білдірді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Қазіргі уақытта оны жұмыстан босату жайын келісу рәсімі жүріп жатыр", – делінген хабарламада.

Маусым айында президент төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Көлдіковтің Абай облысындағы өрт туралы баяндамасын тыңдамай қойған еді. Ақпараттың ескі екенін айтқан. 

Мекеменің баспасөз қызметі Марат Көлдіковтің жұмыстан кететіні президенттің сынына қатысы жоқ екенін хабарлады.