Президент: Астана LRT-ны енді бұзу уақыт пен ақшаны жоғалтумен тең
Президенттің айтуынша, LRT жобасы басынан бері сәтсіз болды.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев астанадағы LRT жобасының болашағы туралы айтты. Оның айтуынша, LRT құрылысы қарапайым инфрақұрылымдық жобадан елдің беделіне нұқсан келтіретін күрделі мәселеге айналды.
"Осы уақытқа дейін қомақты қаражат құйылды, несиелер тартылды, шетелдік серіктестерден ауқымды шарттық міндеттемелер алынды. Жоба басынан бері сәтсіз болды, оны мойындау керек. Оның үстіне бұл жобада жемқорлықтың иісі бар. Енді оңтайлы шешім қабылдау керек. Себебі, оны бұзу – уақыт пен ақшаны жоғалту деген сөз. Жобаны ары қарай қалай пайдалануға болатынын анықтауға көмектесу үшін отандық және шетелдік архитектоларды, урбанистерлі шақырудан басқа амал жоқ",– деді Президент.