Президент әкімшілігінің экс-басшысы Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Ол саяси науқан барысында қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияр жазды.
"Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады", – делінген оның хабарламасында.
Бірақ, Айбек Дәдебайдың нақты қандай қызметке тағайындалатыны белгісіз.
Еске салайық, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебайды қызметінен алып, оның орнына Роман Склярды тағайындады.