Павлодарда заңсыз темекі мен вейп тәркіленді. Олардың жалпы құны 100 миллион теңгеден асады
Бес азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды.Павлодар облысында электронды темекілерді сатып жүрген бес азамат ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ресми хабарламаға сәйкес, полиция департаментінің жедел қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен жалпы құны 100 миллион теңгеден асатын қауіпті электрондық темекі, темекі қоспалары мен сұйықтықтарды таратудың заңсыз арнасын анықтаған.
"Қойма ретінде жабдықталған жертөледе жедел қызметкерлер жүз мың электронды темекі шегетін құрылғыларды, бір миллион теңгеден астам қолма-қол ақша қаражатын, бухгалтерлік құжаттаманы, жазбаларды және дәлелді маңызы бар басқа заттарды тапты", – деді облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.
Ұсталған без адам қылмыстық топ құрып, интернет-ресурстар арқылы Павлодар аумағында электрондық темекі мен құрамында никотин бар өнімдерді өткізуді ұйымдастырған.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы "барахолкада" вейп сататын орын жойылды