Парламент палаталарының бірлескен отырысы 20 наурызда өтеді
Ерлан Қошанов өкімге қол қойды.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа парламентті "Құрылтай" деп атауды ұсынды. Парламент сайлауын жаңа сессияның ашылуына дейін өткізу жоспарланып отыр.