Парламенттің мәжіліс және сенат депутаттары "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы статусы" жөніндегі Конституциялық заңның күшін жою жөніндегі Конституциялық заң жобасын екі оқылымда да мақұлдады.

11 қаңтарда Конституциялық сот Елбасы туралы заңның күші жойылды деп тану жөнінде қаулы шығарған болатын

Конституциялық сот "2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда білдірілген, Қазақстан Республикасының Конституциясынан 46-баптың 4-тармағы мен өзге де нормаларды алып тастау туралы Қазақстан халқының еркіне негізделе отырып, қазіргі уақытта ҚР Конституциясында "ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы туралы" Конституциялық заңының Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықта сақталуына құқықтық негіздер жоқ, деп тану қажет, осыған байланысты оның күші жойылды деп танылуға жатады" деген шешім шығарды.    


Оқи отырыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев құрметті сенатор атағынан айырылды