Нұрсұлтан Назарбаев құрметті сенатор атағынан айырылды

Ол бұл атақты сенат төрағасы болған қызы Дариға Назараевадан алды.

Нұрсұлтан Назарбаев құрметті сенатор атағынан айырылды. Бұл туралы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев журналистердің сұрағына берген жауабында айтты. 

"Конституциялық сот шешімі бар. Біз ертең "Тұңғыш Президент – Елбасы туралы" заңның күшін жоюға қатысты шешім шығарамыз. Құрметті сенатор атағына қатысты сұрақ қойылды. Конституциядан мұны алып тастағандықтан, заңның күшін жоюды қарау кезінде "Құрметті сенатор" атағын регламенттен алып тастадық. Мұның бәрі жалпыхалықтық референдум қорытындысы бойынша жасалып жатқан іс-әрекеттер", – деді Мәулен Әшімбаев.

Бұған дейін "Құрметті сенатор" атағы бір-ақ адамға – Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген. Енді заңнамада "Құрметті сенатор" деген атақ жоқ.


Оқи отырыңыз: Конституциялық сот Елбасы туралы заңның күші жойылды деп тану жөнінде қаулы шығарды


Еске сала кетсек, 2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" атағы берілді. Сол кезде қызы Дариға Назарбева парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы болды.

13 қаңтарда парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "Тұңғыш Президент – Елбасы туралы" туралы заңның күшін жою туралы шешім шығарады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз