Палестинаны 160-қа жуық ел мойындады. БҰҰ Бас Ассамблеясында жаңа шешімдер қабылданды
БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында Палестинаны мойындайтын елдер саны артқаны белгілі болды. Ұйымға мүше 193 мемлекеттің 158-і Палестинаның тәуелсіздігін ресми түрде қолдаған немесе мойындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ресейлік басылым.
21 қыркүйекте алғаш болып G7 елдерінің ішінде Ұлыбритания мен Канада Палестинаны мемлекет ретінде таныды. Олардың қатарын Аустралия, Португалия және Франция толықтырды. Сонымен қатар Андорра, Люксембург, Монако, Мальта, Сан-Марино және Бельгия сияқты бірқатар еуропалық мемлекеттер де мойындауға дайын екендерін мәлімдеді.
Бельгия премьер-министрі Барт де Вевердің сөзіне қарағанда, Брюссельдің шешім қабылдауы үшін Израильдің тұтқындары босатылып, ХАМАС Газа секторында биліктен шеттетілуі қажет.
Палестина Сыртқы істер министрлігі тізімінде 159 елдің аты көрсетілген. Бұл қатарға Ватикан да енгізілген, бірақ ол БҰҰ-ның толыққанды мүшесі емес, байқаушы мәртебесіне ие.