Өзбекстанның Сурхандария облысында 2009 жылғы кәмелетке толмаған қызды тұрмысқа беру оқиғасы тұрғындардың наразылығын туғызды. Бұл оқиға құзырлы органдардың назарына ілініп, қазір, үйленген жігіт пен олардың некесін қиған молданың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Өзбекстанның балалар омбудсмені Сурайё Рахмонова хабарлады. 

Оның жазуынша, неке шариғат жолымен биылғы 8 шілдеде қиылған. Кәмелетке толмаған қыздың некесін өзінің әжесі ұйымдастырған. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша бастапқы тергеу амалдарын Денау аудандық ІІБ жанындағы тергеу бөлімі жүргізіп жатыр. 

Осы ретте балалар омбудсмені кәмелетке толмағандармен байланысты кез келген ерте некелесу жағдайын қатаң айыптайтынын мәлімдеп, мұндай жағдайлар баланың құқықтарының өрескел бұзылуы болып саналатынын және заңмен белгіленген тиісті әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін еске салды.


Оқи отырыңыз: Мәһірге машина сұрау дұрыс па? Ақ некенің шарты қандай