2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Отбасы банкі бүкіл Қазақстан бойынша төлем терминалдарының жұмысын тоқтатады. Енді операциялардың бәрі тек онлайн форматта жүзеге асады. Бұл туралы банк Instagram желісінде хабарлады. 

"Отбасы Банк толығымен жаңа цифрлық шешімдерге көшуде. Сізге енді банкке келіп, төлем терминалдарын пайдаланудың қажеті жоқ. Біз сіздердің уақыттарыңызды үнемдеп, қызмет көрсету сапасын арттыру жолында жұмыс істеудеміз", – делінген банк хабарламасында.

Отбасы банкіндегі тұрғын үй несиесін төлеу және депозитті толтыру үшін Халық банк, ЦентрКредит банк және Еуразиялық банк банкоматтары мен терминалдарын қолдануға және "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінің қызметіне жүгінуге болады. Сондай-ақ, бұл қызметтер E-gov.kz, Kaspi Bank, Halyk Bank, CenterCredit интернет банкингі арқылы және Otbasy bank, Kaspi bank, Jysan Bank, Еуразиялық банк, ForteBank, RBK банк және Bereke Bank мобильді қосымшаларында қолжетімді.


Оқи отырыңыз: 2025 жылы ипотекалық несие пайызы төмендей ме