Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Ашық диалог порталында тұрғын сауалына берген жауабында депозитті жабу және одан ақша шешу жолдарын айтып берді. 

Ләззат Ибрагимованың түсіндіруінше, депозитті жаппай, оны екіге бөлу арқылы шоттан қаражатты шешіп алуға болады. Яғни, қаражат бөлінген екі депозиттің бірінен шешіледі де, екіншісі қала береді. 


Оқи отырыңыз: 


Депозитті жапқанда қандай комиссия ұсталады? 

"Депозитті жабу кезінде жинақтарды мерзімінен бұрын алу үшін алынатын соманың 1 пайызы (жинақ 5 мың теңгеден артық болса) мөлшерінде комиссия ұсталады. Ал депозитті жабу кезінде жинақта 5 мың теңгеден аз ақша болса, бұл кезде комиссия ұсталмайды. Жинақтан қаражат шешкен  кезде ақша бірінші ағымдағы шотқа аударылады. Ал оны басқа банктегі шотқа аударған кезде сол ақшаның 0,3 пайызы (ең азы 500 теңге, ең көбі 10 мың теңге) мөлшерінде комиссия алынады", – деп түсіндірді Отбасы банкінің басшысы.


Оқи отырыңыз: Отбасы банкі бюджеттік несие есебінен 2 мың адамға ипотека беруді жоспарлап отыр


Сондай-ақ, Ләззат Ибрагимова биыл мемлекеттік сыйлықақы салымшылардың шотына 1 наурызға дейін түсетінін еске салды.