Бюджеттік кредит сомасы 20 млрд теңгеге тең.
ҚР Үкіметі алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін Отбасы банкіне 2023 жылғы республикалық бюджет есебінен 20 млрд теңге кредит беруді жоспарлап отыр. Қаулы жобасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
"Жобаны жүзеге асыру жылдық 2% сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала және аралық қарыздарды ұсыну арқылы салынған кредиттік тұрғын үйде 2 мың пәтерді сатуға мүмкіндік береді", – делінген қаулы жобасында.
Оқи отырыңыз: Халыққа ипотека беру үшін Отбасы банкі мемлекеттен 5,1 млрд теңге кредит алады
Банк мемлекеттен несиені 25 жыл мерзімге жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесі бойынша теңгемен алады. Үкімет банкке 100 ай (8 жыл 4 ай) жеңілдік мерзімін ұсынады. Сәйкесінше, Отбасы банкі қарызын 2031 жылдан бастап жылына 1 миллион теңге есебімен өтейді. Банк бұл қаражатты 22 жылда игеруге тиіс.
Еске салайық, 2022 жылы қарашада Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан ҚР Үкіметі алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін Отбасы банкіне 2022 жылғы республикалық бюджет есебінен 5,1 млрд теңге несие беруді жоспарлап отырғаны белгілі болған. Бұл қаражат қазақстандықтарға 564 пәтерді несиеге беруге жеткілікті болатын.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
427
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
424
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
411
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
391
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
374
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
377
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
376
-
0
-
6
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
377
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
379
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
381
-
2
-
5
-