Отбасы банкі: БЗТ төлеміне өтініш 29 желтоқсанда берілсе де, ол ескі шарттармен қаралады
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өтінім берілген күнді есепке алады.Отбасы банк БЗТ-ның қаралу тәртібіне қатысты түсініктеме берді.
"Егер сіз БЗТ төлемін 29 желтоқсанда жасасаңыз, өтінім ескі шарттар бойынша қаралады. Өтінім 2022 жылдың қаңтарында қаралатынына қарамастан, БЖЗҚ өтінім берілген күнді есепке алады", – делінген банк хабарламасында.
Еске салсақ, Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинағын шешуге арналған жеткіліктілік шегі артқаны туралы хабарлағанбыз. Бұл өзгеріс елдегі әлеуметтік көрсеткіштер мәнінің ұлғаюымен байланысты болды.
Оқи отырыңыз:
- Зейнетақы жинағын қандай мақсаттарға пайдалануға болады?
- Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинағын шешуге арналған жеткіліктілік шегі артты
- Онлайн зейнетақы калькуляторы. Жинақтан мерзімінен бұрын қанша ақша алатыныңызды есептеңіз