ОСК Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы Мәжіліске ұсыным енгізді
Назарбаева өзінің өкілеттігін тоқтатуға өтініш берген.Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағанын хабарлады.
"Қазақстан Республикасы конституциясының 52-бабына, "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы конституциялық заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
- Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Д.Н. Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне енгізілсін", – делінген ОСК хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева Мәжілістен кететінін мәлімдеді