Назарбаева өзінің өкілеттігін тоқтатуға өтініш берген.
Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағанын хабарлады.
"Қазақстан Республикасы конституциясының 52-бабына, "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы конституциялық заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
- Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Д.Н. Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне енгізілсін", – делінген ОСК хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева Мәжілістен кететінін мәлімдеді
USD:
521.1 / 523.7
EUR:
611.5 / 616.5
RUB:
6.45 / 6.57