Қазақстанда жаңа Конституция бойынша референдумның қорытынды нәтижелері жарияланды

Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумның қорытынды нәтижелері белгілі болды. Орталық референдум комиссиясы дауыс беру қорытындыларын ресми түрде жария етті.

Ресми мәліметке сәйкес, 7 954 667 азамат немесе дауыс беруге қатысқандардың 87,15 пайызы жаңа негізгі заң жобасын қолдаған. Ал 898 099 адам ұсынылған өзгерістерге қарсы дауыс берген. Сонымен қатар, 146 558 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасы қабылданды деп есептеледі. Себебі дауыс беруге қатысқан азаматтардың басым бөлігі, яғни 87,15 пайызы оны қолдап дауыс берген.

Осылайша, референдум нәтижелері ел азаматтарының жаңа Конституцияны қолдайтынын көрсетті.