2023 жылы Қазақстанда мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 9 күнге созылып, 18-26 наурыз аралығында өтеді. Осыған орай, Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың демалысты тиімді пайдалануын ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспарын әзірледі, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Министрліктің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің бас сарапшысы Ақтоты Кемалованың айтуынша, сынып сағаттары мен ата-аналар жиналысында ата-аналарға оқушылардың қауіпсіздігі бойынша нұсқама беріледі. 

Loading...

"Білім беру ұйымдарында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жұмыс жоспарына сәйкес, өз жұмыстарын жүргізетін болады. Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша, сынып сағаттары мен ата-аналар жиналысында оқушылардың қауіпсіздігі бойынша нұсқама, яғни көктем мезгілінде су айдындарының жанында жүру, авто және темір жол маңындағы қауіпсіздік шараларын қадағалау ұсынылатын болады", – деді Ақтоты Кемалова.