ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы оқу-ағарту министрі бұйрығының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Комиссия министрлік жанындағы  консультативтік-кеңесші орган болады және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеумен айналысады.

Комиссияның жұмыс органының функциялары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жүктеледі.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы атаулы әлеуметтік көмекті кімдер және қалай алады?


Құжат жобасы 14 сәуірге дейін жария талқыға ұсынылған.