Түркістан қаласында бой көтеріп жатқан "Қылует" рухани-мәдени орталығының жанынан имамдардың білімін жетілдіретін Ислам институты ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады. 

Жоспар бойынша, "Қылует" рухани-мәдени орталығы биыл пайдалануға берілуі тиіс. Институттың оқу ғимараты 120 адамдық жатақхана, 60 орындық кітапхана, 100 орындық дәрісхана және 60 орындық асханамен қамтылады.

"Бүгінде Түркістан облысында 800-ге жуық мешітте 1100-ден астам имам қызмет етуде. Дегенмен институт тек Түркістан өңірінің имамдарына ғана емес, Жамбыл, Қызылорда облысы мен Шымкент қаласының дін саласы қызметкерлеріне дәріс өткізеді. Курс жылына 4 рет ұйымдастырылса, оқыту мерзімі 2 айға созылады", – делінген діни басқарманың хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Алматы облысында балаға қол жұмсаған имам қызметтен босатылды