USD: 466.7 / 469.1
  • EUR: 533.5 / 538.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Оңтүстік өңірлердің имамдарын оқыту үшін Түркістанда Ислам институты ашылады

Онда Түркістан облысынан бөлек, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкенттің имамдарына дәріс оқылады.

Түркістан қаласында бой көтеріп жатқан "Қылует" рухани-мәдени орталығының жанынан имамдардың білімін жетілдіретін Ислам институты ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады. 

Жоспар бойынша, "Қылует" рухани-мәдени орталығы биыл пайдалануға берілуі тиіс. Институттың оқу ғимараты 120 адамдық жатақхана, 60 орындық кітапхана, 100 орындық дәрісхана және 60 орындық асханамен қамтылады.

"Бүгінде Түркістан облысында 800-ге жуық мешітте 1100-ден астам имам қызмет етуде. Дегенмен институт тек Түркістан өңірінің имамдарына ғана емес, Жамбыл, Қызылорда облысы мен Шымкент қаласының дін саласы қызметкерлеріне дәріс өткізеді. Курс жылына 4 рет ұйымдастырылса, оқыту мерзімі 2 айға созылады", – делінген діни басқарманың хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Алматы облысында балаға қол жұмсаған имам қызметтен босатылды


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау