Оңтүстік Кореяға жұмыс істеу үшін барған Қазақстан азаматтарының құқығын қорғау мақсатында Қазақстанды EPS жүйесіне қосуды көздейтін меморандум жобасы дайын болды. Бұл туралы мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев хабарлады

"Оңтүстік Кореяда заңсыз еңбек етіп, әркімнен қашып-пысып, құқығы қорғалмай қор болып жүрген Қазақстан азаматтарының құқығын қорғау керек, ол үшін Қазақстан EPS жүйесіне қосылу керек деп өткен жылдан беру айтып келемін. Нәтижесінде шешімі де дайын боп қалды. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы келісімшарт дайын. Қазір құжатпен Корея тарапы танысып жатыр. Уағдаласса қол қоямыз, болды", – деді мәжіліс депутаты. 

Loading...

Сондай-ақ, ол Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Кореяның кәсіподақтар федерациясы арасында жасалатын меморандум мәтіні де әзір болғанын айтты. Бұл құжат жобасын қазір ҚР Сыртқы істер министрлігі қарап жатыр.

Еске салайық, наурызда Оңтүстік Кореядағы кәсіподақтар федерациясының өкілдері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісімшарт жасау мақсатында Қазақстанға келген болатын. 


Оқи отырыңыз: Оңтүстік Кореядағы қазақстандық жұмысшылардың құқығын кім қорғайды