Екі елдің Еңбек министрлігінің өкілдері жаңа жүйе енгізу мәселесін талқылады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Employment permit System жүйесі отандастарымыздың заңды түрде жұмысқа орналасуын, тең еңбек жағдайлары мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяда жүрген отандастарымыздың еңбек жағдайларын жақсартып, құқығын қорғауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, алдағы уақытта Қазақстанда Корей даярлау орталығын ашу жоспарланған.


Оқи отырыңыз: Корея мен Қазақстан өзара туризмді қалай дамытып жатыр?


Айта кетейік, бірнеше жылдан бері жерлестеріміз нәпақа табу үшін Оңтүстік Кореяға ағылып жатыр. Сыртқы істер министрлігінің өткен жылғы ақпаратына сүйенсек, бұл елде 7-8 мыңға жуық отандасымыз заңсыз жұмыс істеп жүр.