Сеулдегі сайлау учаскесінде бірінші болып Азия орман ынтымақтастығы ұйымының қызметкері, отандасымыз Ернар Сәрсенбаев дауыс берді.

Ол шетте жүрген қазақстандықтар үшін осындай маңызды саяси науқанға қатысуға жағдай жасалғанын жоғары бағалады. Ернардың айтуынша, референдумға келу – әрбір адамның мемлекет алдындағы азаматтық жауапкершілігін көрсетеді.

"Мұндай маңызды мемлекеттік мәселелерде өз үніңді қосу – әр азаматтың парызы. Бұл референдум еліміздің ертеңі мен болашақ дамуына қатысты тағдыршешті шешім қабылдауға мүмкіндік береді", – деді ол.


Оқи отырыңыз: Жапониядағы отандастарымыз референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді