Өңірлерде мұғалімдердің 28 млрд теңге көлеміндегі еңбекақысы кешіктірілген
Министрлік мұны рәсімдеу жұмыстарымен байланыстырды.Оқу-ағарту министрлігі жүргізген талдау барысында бірқатар өңірде 28 млрд теңге көлеміндегі қаражат уақытылы аударылмағаны анықталды, деп хабарлайды "Хабар 24".
Вице-министр Ғани Бейсембаев берешектің бір апта ішінде түгел өтелетінін жеткізді. Еңбек демалысы мен ай сайынғы еңбекақы жергілікті бюджет есебінен төленеді.
Оқи отырыңыз: Магистратураға үміткерлер қандай жағдайда шет тілі тестілеуінен босатылады?
"Кешіктірудің басты себебі – қаражаттың жетіспеушілігінен емес, керісінше жергілікті деңгейдегі жұмыстар мен рәсім мәселелеріне байланысты болып отыр" – деді министрлік өкілдері.