"Омикрон" штамының жұқпалылығы "Дельтадан" 36 пайыз жоғары – ғалымдар
Жаңа штамм 106 елге таралып үлгерді.АҚШ ғалымдары "Омикрон" штамының "Дельтаға" қарағанда жұқпалылығы айтарлықтай жоғары екенін мәлімдеді. Штамды зерттеу қорытындысы medRxiv сайтында жарияланды.
Бірнеше ай ішінде "Омикрон" штамы 106 елге таралып үлгерді.
АҚШ-тағы Колумбия университетінің профессоры Джеффри Шаман басшылығымен дәрігерлер аталған штамның жұқпалылығына қатысты зерттеу жүргізді. Олар Оңтүстік Африканың Гаутенг провинциясынан алынған бірнеше мәліметті талдады.
Мамандар қолда бар деректерге сүйене отырып Оңтүстік Африкада SARS-CoV-2 таралуының компьютерлік моделін құрастырды. Онда жергілікті дәрігерлердің инфекцияны қаншалықты жиі анықтағаны, ПТР сынақ нәтижелері және вирус үлгілеріне геномдық талдау жүргізілгені ескерілді. Мұнымен қатар, Шаман мен оның әріптестері пандемияның бірінші және кейінгі толқындары кезінде COVID-19 қоздырғышының қалай тарағанын салыстырды.
Еске салсақ, елордалық денсаулық сақтау жүйесі медициналық қызметтердің кең спектрін ұсынғаны туралы хабарлаған едік. 2020 жылы қалалық ауруханаларда 169 мыңнан астам адам ем қабылдап, 49 мыңға жуық азаматқа ота жасалған.