Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Қазақстанға оралды.

Астана әуежайында спортшыны жанкүйерлер, әріптестері, шенеуніктер мен БАҚ өкілдері салтанатты түрде қарсы алды. Әуежайда арнайы импровизацияланған сахна орнатылып, құттықтау рәсімі ұйымдастырылды. Құттықтау барысында Геннадий Головкин – Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті президенті сөз сөйлеп, чемпионға алғыс айтты.

Қазақстанның конькимен мәнерлеп сырғанау одағының президенті Бауыржан Ералы демеушілер атынан Михаил Шайдоровқа Астанадан үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады. Сонымен қатар ұлттық құраманың бас бапкері Әсем Қасанова мен алғашқы ондыққа енген мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға бір бөлмелі пәтер сертификаты берілді.

Еске салайық, Михаил Шайдоров Милан Олимпиадасының чемпионы атанды. Ол Олимпиада чемпионы атанған алғашқы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ретінде ел тарихына енді. Спортшы қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, алтын жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан атынан Олимпиаданың алтын жүлдесін сонау 1994 жылы Лиллехаммер Олимпиадасында шаңғышы Владимир Смирнов алған еді.