USD: 487.3 / 490.3
  • EUR: 566.0 / 571.0
  • RUB: 6.37 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

"Чемпион үшін рахмет". Арсен Томский Михаил Шайдоровтың әкесіне уәделі көліктің кілтін табыстады

Фото: Арсен Томскийдің Facebook желісіндегі парақшасы
Фото: Арсен Томскийдің Facebook желісіндегі парақшасы
Көлікке "Чемпион үшін рахмет. Барлық қазақстандықтардан" деп жазылған.

Кәсіпкер Арсен Томский Милан – Кортина қысқы Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі Станислав Шайдоровқа бұған дейін уәде еткен Audi Q8 көлігін тарту етті. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде хабарлады. 

"Мен Audi Q8 көлігін Станислав Шайдоровқа – Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне, алғашқы жаттықтырушысына және осы жеңістің бастауында тұрған адамға сыйға тарттым. Михаил керемет те тарихи өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Бұл жеңіс Қазақстанда және оның шекарасынан тыс жерлерде миллиондаған адамға шабыт сыйлады. Алайда бұл салтанатты сәттің артында – күнделікті жылдар бойғы еңбек, қатаң тәртіп пен өзін-өзі құрбан ету жатыр", – деп жазды Арсен Томский. 

Фото: Арсен Томскийдің Facebook желісіндегі парақшасы 

Бұл ретте ол Станислав Шайдоровтың ұлының болашағы үшін өз көлігін сатқанын еске салып, мұндай оқиға өзінің де басынан өткенін айтты. 

"Бір кездері Станислав Александрович ұлының биік мақсатқа жету жолын қолдау үшін өз көлігін сатуға мәжбүр болды. Бұл оқиға маған ерекше жақын. Мен де өзім сенген іс үшін екі рет көлігімді саттым: бір жолы қиын кезеңде командаға жалақы төлеу үшін, екінші жолы қаржы жетіспеген сәтте Якутия құрамасын киберспорт чемпионатына жіберу үшін", – деді ол. 

Фото: Арсен Томскийдің Facebook желісіндегі парақшасы 

Еске салайық, Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанған кезде кәсіпкер оның әкесі әрі жаттықтырушысы Станислав Шайдоровқа су жаңа көлік сыйға тартуға уәде еткен болатын

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз