Ақтаудағы ойын орталығында үлкен темір конструкция 3 жасар бүлдіршіннің үстіне құлап кеткен, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жарақат алған бала ауруханаға жеткізіліп, оған тиісті көмек көрсетілді. Шыр-пыр болған ана оқыс оқиғаға қауіпсіздікті қамтамасыз етпеген кәсіпкерлер кінәлі деп отыр. 

Желіге таралып кеткен жағдай ойын-сауық орталығындағы бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Асыр салып ойнап жүрген баланың ауыр заттың астында қалған сәті көптің жүрегін ауыртқан. Ал жәбірленушінің анасы аттракционның бөлшегі дұрыс бекітілмегенін әрі ойын паркінде ешқандай қауіпсіздік талаптары сақталмаған деп отыр. Абырой болғанда ұлының еш жері сынбаған екен. Соған қарамастан анасы баласын бастан-аяқ медициналық тексерістен өткізуді жоспарлапты. 

Ойын орталығының басшылығы материалдық өтемақы төлесін деген әйел полицияға шағым түсірген. Тәртіп сақшылары тексерісті бастады.