Өскемен қаласының тұрғындарын Абай даңғылында атылған қару-жарақ дауысы шошытты, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Бүгін таңертең Өскемендегі Абай даңғылында атылған қару-жарақ дауысы тұрғындарды шошытқан. Тек қарудың емес, жарылған бомбаның да дауысы шықты.

Белгілі болғандай, сол уақытта аталған даңғылда орналасқан әскери бөлімде оқу-жаттығу өткізілген.

"Бүгін сағат 11.00-де Өскемен қаласында ҚР ҰҰ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 және 3477 әскери бөлімдерінің әскери қалашығына жасалған шабуылға тойтарыс беру бойынша ШҚО полиция департаменті, ТЖД және қалалық жедел көмек көрсету ауруханасымен бірескен тактикалық оқу-жаттығу өтті. Соның барысында бос оқталған қарулар мен имитациялық жарылғыш заттар қолданылды", - деп түсіндірді Ұлттық ұлан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.


Оқи отырыңыз: Әскерге шақырылған әрбір оныншы сарбаз оқуға тегін түсе алады