Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин үкімет куларында өрт сөндірушілердің жалақысы өскенін мәлімдеді.

"2019 жылы жалақымызды – 65 пайызға, содан кейін – 10 пайызға, биыл 3 пайызға көтердік. Көп сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ 2019 жылы өрт сөндірушілердің жалақысы 65 мың теңге болса, бүгінгі күні еңбек өтілі жоқ, үстемеақы қосылмаған, таза жалақы 109 мың теңгені құрайды", – деді Юрий Ильин.

Министр мүмкіндігінше жаңа жылдан бастап өрт сөндірушілердің еңбекақысын тағы 40 пайызға көтеру мәселесі пысықталып жатқанын айтты.


Оқи отырыңыз: