Прямой эфир Новости спорта

Алматыда батыр кейпіндегі өрт сөндіруші бейнеленген мурал салынды

Мурал Шаляпин мен Саин көшелерінің қиылысындағы үйдің қабырғасында бейнеленген.

Алматы қаласы Әуезов ауданындағы бес қабатты үйдің қабырғасында өрт сөндіруші-құтқарушы бейнесі салынды, деп хабарлады Алматы төтенше жағдайлар департаменті.

Мурал. Фото: Алматы төтенше жағдайлар департаменті

Мурал салу туралы шешімді Әуезов ауданы әкімінің аппараты Алматы қаласы төтенше жағдайлар басқармасымен бірге жиілеп кеткен табиғи өрттерді алдын алу шаралары аясында қабылдаған.

Мурал Шаляпин мен Саин көшелерінің қиылысындағы бес қабатты үйдің қасбетін безендірді. Композицияда ерлік пен батылдықтың символы болып табылатын өрт апатымен күресетін қазақ батырының бейнесі бар.

"Муралдың идеясы – халықтың назарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға аудару, қоғамда тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының имиджін арттыру", – деп атап өтті ТЖД басшысы Руслан Қасыбаев.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары