Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды
Ол бұған дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды "Ақорда" сайты.
"Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, – делінген Ақорда хабарламасында.
Ол бұған дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді.
Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов 1967 жылы туған, білімі жоғары.
Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
1991 жылы Ленинград ауыл шаруашылық институтын "Инженер-механик", 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін "Экономика" мамандықтары бойынша тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты, қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.
Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы Максим Горький атындағы колхозында механик болып бастаған.
Әр жылдары Төле би атындағы агробірлестіктің бас инженері, Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Оқи отырыңыз: Жайна Сламбек "Хабар" арнасының директоры болып тағайындалды
2019 жылдың тамызынан бастап Байзақ ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.
2021 жылдың сәуір айында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.