Нұрай Серікбайдың өлімі: күдіктінің ақыл-есі сау болып шықты
Тергеу аяқталу сатысында.
Сенат кулуарында Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы алынғанын мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта тергеу әрекеттері аяқталуға жақын. Іс аясында тағайындалған сот-психиатриялық сараптаманың нәтижелері алынған.
"Айыпталушы заң алдында есі дұрыс адам ретінде жауап береді. Тергеу аяқталу сатысында", – деді ол.
Бұған дейін Шымкентте болған оқиғаға қатысты күдіктінің психиатриялық ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын. Тергеу органдары істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.