Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, қазақстанда бірқатар темір жол станциялары мен разъездерінің атауын өзгерту жоспарланып отыр. Оның ішінде:

  • Нұр-сұлтан темір жол станциясын – Астана темір жол станциясына;
  • Нұр-Сұлтан Нұрлы жол теміржол станциясын –  Нұрлы жол теміржол станциясына өзгерту көзделген. 

Олардан бөлек, келесі станция және разъезд атауы өзгереді: 

Жетісу облысы:

  • "БП Алматы бөлімшесі" филиалының 13 темір жол разъезі Ақши темір жол разъезіне; 

Қызылорда облысы:

  • Қызылорда бөлімшесінің 26 теміржол станциясы Жетітөбе темір жол станциясына;            

Маңғыстау облысы:

  • Маңғыстау бөлімшесінің 1 темір жол разъезі Күйкен темір жол разъезіне;
  • Маңғыстау бөлімшесінің 10 темір жол разъезі боздақ темір жол разъезіне;
  • Маңғыстау бөлімшесінің 460 темір жол разъезі Сарға темір жол разъезіне;
  • Маңғыстау бөлімшесінің тірек теміржол станциясы Боранқұл теміржол станциясына;

Атырау облысы:

  • Маңғыстау бөлімшесінің Майкөмген теміржол разъезіне Толтыр теміржол разъезі.