Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық кеңесі бүгін "Нұр-Сұлтан қаласы кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы" ҚР Үкіметінің қаулы жобасын бірауыздан қолдады.

  • №11 мектеп-лицейге көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтың есімін беру;
  • №69 мектеп-гимназияға археолог, тарих ғылымдарының докторы, белгілі академик Кемел Ақышевтің есімін беру;
  • №2 балалар музыка мектебіне күміс көмей әнші, Қазақстанның және бұрынғы КСРО халық әртісі, халық қаһарманы Роза Бағланованың есімін беру;
  • №3 балалар музыка мектебіне әйгілі опера әншісі, педагог, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР халық әртісі, профессор, Социалистік Еңбек ері Ермек Серкебаевтың есімін беру;
  • №66 мектеп-лицейге көрнекті мемлекет қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек ері, Қазақстанды ширек ғасырға жуық басқарған Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру;
  • №77 мектеп-гимназияға ақын, халық жазушысы, журналист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Фариза Оңғарсынованың есімін беру;
  • №83 мектеп-гимназияға Қазақстанның аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы Ыбырай Алтынсариннің есімін беру;
  • №49 орта мектепке Алаш қайреткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист Қошке Кемеңгерұлының есімін беру ұсынылған.

Айта кетейік, аталған құжат 2021 жылы 10 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы ономатиска комиссиясының кезекті отырысында қаралып, құпталған. 


Оқи отырыңыз: