ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Аманжан Жамалов өзінің депутаттық сауалында қалталы азаматтардың долларды ұлттық банк есебінен арзан бағаға сатып алғанын айтты. 

"2022 жылғы қаңтардағы валюталық интервенциялар туралы деректер әлі күнге дейін жарияланған жоқ. Алайда, бұл цифрлардың өзі де ауқымдылығымен таңғалдырады. Көлемі бойынша оларды денсаулық сақтау немесе білім және ғылым министрліктерінің шығындарымен салыстыруға болады.

Кімнің мүддесінде интервенциялар жүргізіліп, резервтер жұмсалды? Бұл импорттық мәмілелерді жүргізу үшін емес, алыпсатарлық сұранысты қанағаттандыру үшін жасалды. Қарапайым сөзбен айтқанда, ақшасы барлар долларды ұлттық банк есебінен "жақсы бағам" бойынша сатып алды. Әрі бұл ақша шетелге шығарылған сияқты", – деді Аманжан Жамалов. 

Еске салсақ, мәжіліс депутаты өз өміріне деген жауапкершілікті сезінбейтін жастардың көбейгенін айтқан еді.