Прямой эфир Новости спорта

Nur Otan депутаты: Ақшасы барлар долларды ұлттық банк есебінен "жақсы бағаға" сатып алды

2022 жылғы қаңтардағы валюталық интервенциялар туралы деректер әлі күнге дейін жарияланбаған.

ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Аманжан Жамалов өзінің депутаттық сауалында қалталы азаматтардың долларды ұлттық банк есебінен арзан бағаға сатып алғанын айтты. 

"2022 жылғы қаңтардағы валюталық интервенциялар туралы деректер әлі күнге дейін жарияланған жоқ. Алайда, бұл цифрлардың өзі де ауқымдылығымен таңғалдырады. Көлемі бойынша оларды денсаулық сақтау немесе білім және ғылым министрліктерінің шығындарымен салыстыруға болады.

Кімнің мүддесінде интервенциялар жүргізіліп, резервтер жұмсалды? Бұл импорттық мәмілелерді жүргізу үшін емес, алыпсатарлық сұранысты қанағаттандыру үшін жасалды. Қарапайым сөзбен айтқанда, ақшасы барлар долларды ұлттық банк есебінен "жақсы бағам" бойынша сатып алды. Әрі бұл ақша шетелге шығарылған сияқты", – деді Аманжан Жамалов. 

Еске салсақ, мәжіліс депутаты өз өміріне деген жауапкершілікті сезінбейтін жастардың көбейгенін айтқан еді. 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары