"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік секторды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасында кеңесті тарату туралы өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Информбюро порталының ресми сұраухатына берген жауабында мәлімдеді.

"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" ҚР Заңының 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес қорды басқару жөніндегі кеңес ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы басқаратын консультативтік-кеңесші орган болып саналады. Осылайша, кеңеске төрағалық ету мәселесі Заңмен айқындалады. Өз кезегінде, кеңестің функциялары, міндеттері мен құқықтары Заңның 6-1-бабының 2-тармағында және ҚР Президентінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 1116 қаулысына сәйкес үкімет жарлығымен бекітілген "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы ережеде айқындалады", – деп жауап берді қор өкілі Николай Казутин.

Қордың ұйымдық құрылымында қорды басқару жөніндегі кеңес көзделмеген, сондықтан осы органға мүше болғандарға қор тарапынан ақы төлеу көзделмейді.

"Қазіргі уақытта Ұлттық экономика министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік секторды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын әзірлеп жатыр. Заң жобасында кеңесті тарату туралы өзгерістер енгізу көзделіп отыр", – делінген ресми жауапта.


Оқи отырыңыз: "Самұрық-Қазынада" 10 шетелдік басшының орнын отандық мамандар басты


Аталған заң жобасының тұжырымдамасы жақын арада Әділет министрлігі жанындағы Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізіледі. Одан кейін заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, парламент мәжілісінің қарауына жіберіледі.