"Жолаушылар тасымалы" АҚ наурыз мерекелеріне орай пойыздар мен вагондар санын арттыруды жоспарлап отыр.

Атап айтқанда, қосымша үш пойыз келесі бағыттар бойынша екі бағытта жүреді:

  • "Астана - Алматы-1" бағыты бойынша №201/202 пойызы, 4 рейс;
  • "Астана - Шымкент" бағыты бойынша №203/204 пойызы, 3 рейс;
  • "Ақтөбе - Шымкент" бағыты бойынша №205/206 пойызы, 2 рейс.

"Мереке күндері 7 наурыздан бастап жолаушылар пойыздарына, әсіресе, тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 398 қосымша вагон қосылады" делінген ресми хабарламада.


Оқи отырыңыз: 14 күн демалыс! Қазақстандағы наурыз мерекелері мен демалыс күнтізбесі


Еске салайық, 2024 жылдың наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады.

  • 8 наурыз, жұма – Халықаралық әйелдер күні.
  • 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. 23 наурыз сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күні 25 наурызға ауыстырылды.