Мысыр елге кіруге рұқсат беретін виза құнын 25 доллардан 45 долларға көтерді. Мұндай жарлыққа ел президенті Абдель Фаттах ас-Сиси қол қойып, ол 1 желтоқсаннан бастап күшіне енді

Еске салайық, биылғы 1 қазаннан бастап қазақстандықтар үшін Мысыр елге кіру шарттарын қатаңдатқан болатын. Оған сәйкес, еліміздің азаматтары Мысырдың қалаларына бару үшін алдын ала виза рәсімдеуі қажет. Ал тек Шарм-эл-Шейхқа баратын туристер ғана елге келгеннен кейін паспортына Синай мөрін бастыра алады. Бірақ, бұл мөр тек Синай түбегінің ішінде ғана жүруге жарамды. 

Сәйкесінше, енді Мысырға баратын қазақстандықтар виза үшін 45 доллар, оған қоса сервистік қызмет үшін қосымша төлем жасауға міндетті болды.