Мұражайға экскурсия, мәдениет қайраткерлерін тыңдау. Антикор қызметкерлеріне қалай тәрбие бермек?
Агенттіктің тәрбие жұмысының негізгі нысандарына мәдени-демалыс іс-шаралары мен көрнекі ақпарат құралдары жатады.Ашық НҚА порталында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тәрбие жұмысын ұйымдастыру, жеке құраммен психологиялық және идеологиялық жұмыс қағидасының жобасы жарияланды. Жобада агенттіктегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәртібі жазылған.
Жобаға сәйкес, Антикор тәрбие жұмысының негізгі нысандарына мәдени-демалыс іс-шаралары мен көрнекі ақпарат құралдарын жатқызып, мәдениет қайраткерлерінің және басқа да шығармашылық бригадалардың сөз сөйлеуін, спорттық ойындар және басқа да мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шараларын, мұражайларға экскурсиялар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Бұл шаралар агенттіктің жеке құрамына жоғары рухани мәдениет пен адамгершілікті, мемлекеттік дүниетаным мен әлеуметтік белсенділікті сіңіру мақсатында жүзеге асырылады.
Жобада, сондай-ақ соғыс және еңбек ардагерлерімен, мемлекет қайраткерлерімен тақырыптық кездесулер өткізілетіні жазылған.
Оқи отырыңыз:
- Бас мүфти Шымкенттегі тойлар туралы: Қуанышты бөлісудің өзіндік әдебін сақтайық
- Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа қанша мектеп салынады