Мұғалімдер неге Отбасы банкінің "Шаңырақ" бағдарламасымен ипотека ала алмайды?
Бағдарлама шарты бойынша отбасының табысы 138 мың теңгеден аспауы керек.Қазақстанда мұғалімдердің еңбекақысының артуына байланысты олар Отбасы банкі ұсынатын "Шаңырақ" бағдарламасына қатыса алмайды. Өйткені, қазір мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы 300 мың теңгеден асады. Ал "Шаңырақ" бағдарламасымен ипотека алу үшін отбасының табысы 138 мың теңгеден аспауы керек.
Бұл мәселені Үкімет сағатында көтерген сенат депутаты Дана Нұржігіт бағдарламаға қатысу үшін табыстың жоғарғы көрсеткішін арттыру мәселесін көтерді.
Сенат депутатының сұрағына жауап берген Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова мұғалімдер, дәрігерлер, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер тарапынан өтініштер түсіп жатқанын растады. Соған орай банк құзырлы органдарға максималды сомалар мен көрсеткіштерді көтеруге байланысты хат жазған.
"Бағдарлама бойынша максималдық табысты бізге концепция бойынша мемелкеттік огандар қойып береді. Біз қойылған көрсеткіштермен жұмыс істейміз. Бұл мәселе бойынша осындай максималдық сомалар мен көрсеткіштерді көтеруге байланысты хат жаздық", – деп түсіндірді Ләззат Ирбагимова.
Оқи отырыңыз:
- Үй алу үшін ай сайын қанша ақша табу қажет? Ипотекаға қатысты маңызды 10 сұраққа жауап
- Әкімдіктен – 5 пайыздық ипотека. Өңірлік тұрғын үй бағдарламаларына шолу
- "Шаңырақ", "Ұмай", "Жас отбасы". 2022 жылы баспаналы болудың жеті жолы
- Ең төмен пайыз, ең ұзақ мерзімдер: мемлекеттік ипотекалардың толық тізімі
- Қазақстанда ипотека алу қаншалықты қолжетімді?