Қазақстанда бүгін педагогтердің білімін бағалайтын сынаққа өтініш қабылдау басталды. Өтініштер 9-12 шілде аралығында Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қабылданады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі хабарлады. 

"Бұл тестілеуге санаты жоқ үміткерлер, біліктілік санаттарын арттыратын және растайтын педагогтер (барлығы) қатыса алады. Білім беру ұйымының педагогтері ПББ-ға 12 айда 2 рет өтініш бере алады: бір рет тегін, бір рет ақылы» делінгін Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында.

Ал педагогтердің білімін бағалау сынағы 10 шілде мен 13 тамыз аралығында өтеді.

Педагогтердің білімін бағалау қалай өтетіні жайлы Информбюроның түсіндірме материалынан оқи аласыздар. 


Оқи отырыңыз: Биыл педагогтерді жаңаша аттестаттау басталады. Оның қалай өтетінін түсіндіреміз