Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев аттестацияға қатысты мәселе көктемнен бастап қолға алынған айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі жазды.

"Аттестацияға қатысты мәселе көктемнен бастап қолға алынған. Ондағы ұстаздардың шағымының көпшілігі қағазбастылыққа, аттестаттау кезінде портфолионы көп жинауға және әдістемеге қатысты қажетсіз тесттердің болуына қатысты еді. Бұл көтерілген мәселенің бәрі ескеріліп, жаңа жүйе енгізу бағытында үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте аттестаттаудың жаңа жүйесі әзірленді", – деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Ведомство басшысының атап өтуінше, аттестаттаудың жаңа жүйесі жуық арада ашық НҚА порталында жарияланады.

"Ең бастысы – аттестациядан қағаз түріндегі пртфолияны жинау алынып тасталғанын нақты айтуға болады және тестілеу жүйесін қайта қарастыру мәселесі де ескерілген", – деді Ғани Бейсембаев.


Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Мұғалімдер күніне екі-ақ құжат толтыруы керек.