Министрдің айтуынша, мұғалімдер қажетсіз есептер мен міндетіне кірмейтін функциялардан босатылды.
Мұғалімдер күніне екі-ақ құжат толтыруы керек, деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.
"Мемлекет басшысының қолдауының арқасында мұғалімдер қажетсіз есептер мен міндетіне кірмейтін функциялардан босатылды. Мұғалімдер қазір министрліктің бұйрығына сәйкес, күніне екі-ақ құжат толтыруы керек. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз", – деді Асхат Аймағамбетов республикалық тамыз конференциясында.
Сонымен қатар министр шағын жинақты мектептер мәселесін шешу үшін цифрлы мектеп жобасы қосылатынын жеткізді.
"Цифрлық мектеп – шағын жинақты мектептер мәселесін шешетін жоба. Шағын жинақты мектептерге тән зіндік ерекшеліктері мен мәселелері бар. Бірақ бірқатар объективті себептерге байланысты шағын жинақты мектепте сыныптардың аздығы мен жүктеменің көп болуына байланысты барлық пән бойынша мұғалімдермен қамтамасыз ете алмайтынымызды түсінеміз. Басқа пән мұғалімдерінің математика, физика, химия пәндерінен де сабақ беріп жатқаны аз емес. Ал бұл білім сапасына кері әсер етеді", – деді Асхат Аймағамбетов.
Министр жоба келесі жылдан бастап енгізілетінін айтты.
"Сол кезде бірнеше қалада негізгі пәндер бойынша пән мұғалімдері кәсіби түрде жұмыс істеп, кесте бойынша интернет арқылы сабақ жүргізетін болады", – деді министр.
Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов бүгінгі күні елімізде оқу үлгерімі төмен 500 мыңға жуық оқушы бар екенін атап өтті.
Оқи отырыңыз: Мектептер бес күндік жұмыс форматына қашан көшеді?
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
270
-
0
-
4
-
-
2🥉 Мария Бровкова байдаркада және каноэде есуден жекелей жарыстың WС1 200 м бағдарламасында қола медаль жеңіп алды.
-
271
-
0
-
6
-
-
3🥳Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова қола жүлдегер атанды
-
257
-
0
-
4
-
-
4🥈 Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды.
-
269
-
0
-
6
-
-
5🏘Үйлі болуды армандаған 233 мыңға жуық қазақстандық баспана кезегінен шығарылады
-
251
-
0
-
6
-
-
6🤩🥈Ескекшілер тағы бір күміс сыйлады
-
247
-
0
-
9
-
-
7🚕Қалалар арасында жолаушы тасымалдайтын такси жүргізушілеріне талап күшейеді
-
250
-
1
-
6
-
-
8🚗Ақтөбелік эвакуатордың көмегімен автокөлікті ұрлап кеткен
-
227
-
0
-
3
-
-
9Ғабит Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды
-
232
-
0
-
2
-
-
10🥇 ХІХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті
-
238
-
0
-
8
-