Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығына орай Моңғолия қазақтарының кіші құрылтайы болды. ұйымдастырылды. Құрылтай Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласынан бастау алып, Налайх, Ховд және Баян-Өлгий елді мекендерінде жалғасты, деп хабарлады "Отандастар" қорының баспасөз қызметі

Кіші құрылтай аясында қазақ-моңғол қарым-қатынастарының дамуына, халықтар достығын нығайтуға және ұлттық руханиятқа қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар Қазақстанның жоғары наградаларына ие болды.

"Достық" ордені:

  • Бәделхан Қабдыісләмұлы, Моңғолияның ұлы мемлекеттік хуралының депутаты, моңғол-қазақ парламенттік достық тобының тең төрағасы.

"Шапағат" медалі:

  • Тілейхан Әлмәлікұлы, Моңғолия ұлы мемлекеттік хуралының бұрынғы депутаты, саясаткер, ұлт жанашыры;
  • Зульфикар Сарқытұлы, Моңғолияның еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, ғалым, PhD докторы.

Оқи отырыңыз: Қазақ жазушы Моңғолияның мемлекеттік жоғары атағына ие болды


ҚР Президентінің Төс белгісі мен Алғыс хаты:

  • Әубәкір Тілеуханұлы, Моңғолия ұлы мемлекеттік хуралының мүшесі, "Баян-Өлгийдің Ұлан-Батыр қаласындағы Жерлестер алқасы" үкіметтік емес ұйымының төрағасы;
  • Бейсен Бұланұлы, Моңғолия ұлы мемлекеттік хуралының депутаты;
  • Асай Рәмішұлы, Моңғолияның халық дәрігері, қазақ тілінің жанашыры;
  • Нота Әнуарұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, атақты нейрохирург, Моңғолияның халық дәрігері;
  • Айнагүл Сарайқызы, "Арулар" әйелдер одағының төрайымы;
  • Байыт Қабанұлы, ақын, аудармашы, Моңғолиядағы қазақ жастарын қолдаушы;
  • Оразбек Сейтахметұлы, "Алаш Моңғолия" бейресми ұйымының төрағасы, Ұлан-Батыр қаласында домбыра үйірмесін ұйымдастырушы;
  • Батырбек Хадысұлы, Моңғолиядағы мұсылман қоғамының төрағасы, Моңғолия президентінің жанындағы діни кеңес мүшесі және Моңғолиядағы қазақ жастарын Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсуіне тұрақты қолғабыс көрсетуші.

Оқи отырыңыз: Қуырдақ, сірне, қымыз. Моңғолия қазақтарының ұлттық 10 тағамы 


Сондай-ақ, тағы бірқатар қазақ және моңғол азаматтар "Отандастар" қорының алғыс хаты және "Алғыс" естелік медалімен марапатталды.