Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығына орай Моңғолия қазақтарының кіші құрылтайы болды. ұйымдастырылды. Құрылтай Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласынан бастау алып, Налайх, Ховд және Баян-Өлгий елді мекендерінде жалғасты, деп хабарлады "Отандастар" қорының баспасөз қызметі.
Кіші құрылтай аясында қазақ-моңғол қарым-қатынастарының дамуына, халықтар достығын нығайтуға және ұлттық руханиятқа қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар Қазақстанның жоғары наградаларына ие болды.
"Достық" ордені:
- Бәделхан Қабдыісләмұлы, Моңғолияның ұлы мемлекеттік хуралының депутаты, моңғол-қазақ парламенттік достық тобының тең төрағасы.
"Шапағат" медалі:
- Тілейхан Әлмәлікұлы, Моңғолия ұлы мемлекеттік хуралының бұрынғы депутаты, саясаткер, ұлт жанашыры;
- Зульфикар Сарқытұлы, Моңғолияның еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, ғалым, PhD докторы.
Оқи отырыңыз: Қазақ жазушы Моңғолияның мемлекеттік жоғары атағына ие болды
ҚР Президентінің Төс белгісі мен Алғыс хаты:
- Әубәкір Тілеуханұлы, Моңғолия ұлы мемлекеттік хуралының мүшесі, "Баян-Өлгийдің Ұлан-Батыр қаласындағы Жерлестер алқасы" үкіметтік емес ұйымының төрағасы;
- Бейсен Бұланұлы, Моңғолия ұлы мемлекеттік хуралының депутаты;
- Асай Рәмішұлы, Моңғолияның халық дәрігері, қазақ тілінің жанашыры;
- Нота Әнуарұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, атақты нейрохирург, Моңғолияның халық дәрігері;
- Айнагүл Сарайқызы, "Арулар" әйелдер одағының төрайымы;
- Байыт Қабанұлы, ақын, аудармашы, Моңғолиядағы қазақ жастарын қолдаушы;
- Оразбек Сейтахметұлы, "Алаш Моңғолия" бейресми ұйымының төрағасы, Ұлан-Батыр қаласында домбыра үйірмесін ұйымдастырушы;
- Батырбек Хадысұлы, Моңғолиядағы мұсылман қоғамының төрағасы, Моңғолия президентінің жанындағы діни кеңес мүшесі және Моңғолиядағы қазақ жастарын Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсуіне тұрақты қолғабыс көрсетуші.
Оқи отырыңыз: Қуырдақ, сірне, қымыз. Моңғолия қазақтарының ұлттық 10 тағамы
Сондай-ақ, тағы бірқатар қазақ және моңғол азаматтар "Отандастар" қорының алғыс хаты және "Алғыс" естелік медалімен марапатталды.